Аудио

  1. денсаулық тақырыбындағы сабақ
  2. төл дыбыстарға арналған тренажер
  3. экономика саласы бойынша сабақ

Видеоматериалдар

Презентациялар

 Оқытудың қазіргі жүйесі әрдайым өзгеріске ұшырап, жаңарып отырады. Ғылыми-техникалық прогресті компьютерлік технологияларсыз көзге елестету мүмкін емес

Қолайлы, икемді компьютерлік технологиялар әрдайым жетілдіріліп отырады. Оқу үрдісіне оқытудың мультимедиалық құралдары жиі енгізілуде, соның ішінде мультимедиалық презентациялар маңызды орын алады.

«Презентация» ұғымы нені білдіреді? Презентация дегеніміз, бұл бірінен кейін бірі кезектестірілетін беттердің, яғни слайдтардың жиынтығы. Олардың әрқайсысына рәсімдеудің әртүрлі элементтерін пайдалана отырып, кез келген мәтінді, суретті, кестені, бейне-жазба үзінділерін, анимацияларды, 3D таңбаларын қоюға болады.

Мұндай мультимедиалық пішін материалды алгоритмдік тәртіптегі жан-жақты жүйелі ақпаратқа толы, көрнекті тірек бейнесінің жүйесі ретінде береді. Оқыту ақпаратын осылайша берудің мақсаты, ең алдымен, оқушылардың образдық ойлау жүйесін қалыптастыру.

Әр мұғалім ақпараттың қалай сақталатындығын біледі: егер ақпарат тыңдалса, оның 20%; егер тек көру арқылы ғана болса, онда материалдың 30% ғана есте сақталады. Егер ақпаратты есту және көру арқылы қосып берсе, онда оқушы ақпараттың 60% сіңіруге қабілетті. Ал мультимедианы пайдалану мәтінді, дауысты, кескіндеме көріністерін, бейне және сонымен қатар, балалар сүйіп көретін анимацияны (мультипликация) біріктіруге мүмкіндік береді. Сонымен, мультимедианы пайдалану әр оқушының оқу мағлұматын айтарлықтай меңгеруіне септігін тигізеді.

Мультимедиалық презентацияларды жүйелі қолдану

  • сабақта көрнекілік құралдарын қолдану деңгейін сапалы арттыру;

  • сабақтың өнімділігін арттыру;

  • пәнаралық байланысты жүзеге асыру;

  • оқушылардың білім деңгейін айтарлықтай арттыра отырып, оқу материалдарын логикаландыру және құрылымдауды арттырады.

Тақырыпты зерделеуде және сабақтың кез-келген кезеңінде жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, бақылау жүргізгенде презентацияны қолданған тиімді.

Презентация қысқа, жеңіл және композициялық тұрғыдан аяқталған болуы керек. Сценарий бойынша оның ұзақтығы 20-25 слайдта 20-30 минуттан аспауы керек, яғни бір слайдты көрсетуге шамамен 1 минут уақыт кетеді.

Мультимедиалық оқу презентацияларын дайындау кезеңдері:

  • оқу материалдарын жүйелендіру;

  • орындау сценарийін жасау;

  • презентация дизайнын әзірлеу;

  • медиа үзінділерін (фрагмент) әзірлеу (мәтіндер, суреттеме, бейне, жазба фрагменттерін жазу) ;

  • әуенмен (музыкамен) сүйемелдеуді дайындау;

Дәстүрлі (кәдімгі) оқулықтар тәрізді, оқытудың әрбір мультимедиалық құралы да барлық дидактикалық талаптарға сай болуы керек, атап айтқанда ғылымилығы, жүйелілігі, дәйектілігі, қол жетімділігі, тәжірибемен байланысы, көрнекілігі. Алайда мультимедиалық презентация жасау барысында классикалық дидактиканың негізгі принциптерімен қатар, компьютерлік мультимедиалық презентацияны қолданудың өзіндік тәсілдерін де ескерген жөн. Оқу материалдарын слайдтарға бөлу ерекше маңызды: қабылдауға жеңіл болуы үшін бөліктерге бөлінуі тиіс. Мәселеге қанша қатысы бар болса да, бір слайдқа көп мағлұмат орналастырған дұрыс емес.

Сонымен, мультимедиалық ақпарат анықтығымен, қысқалығымен, қол жетімділігімен ерекшеленеді. Оқушылар онымен жұмыс жасау барысында сараптауға, өз ойын жеткізуге үйренеді, және компьютермен жұмыс жасау қабілетін жетілдіреді. Егер мультимедиалық технология жақсы ойластырылған болса, сабақ та көркем, көрнекі, қызықты өтіп, оқушылардың жұппен және топпен бірге жұмыс жасауын жетілдіруге ықпал етеді.

  1. 1 Сабақ
  2. 1 сабақ жалғасы
  3. Адамның мінез-құлқы
  4. Дене мүшелері
  5. Қазақтың ұлттық тағамдары
  6. Келер шақ – слайд
  7. Кім тапқыр ойыны
  8. Қыз бала тәрбиесі
  9. Мамандық туралы жұмбақтар
  10. Менің көршілерім
  11. Менің мамандығым
  12. Менің туыстарым
  13. О малой Родине
  14. Отбасының әдет,салт дәстүрлері
  15. Презентация тағамдар
  16. Салауатты өмір салты
  17. Сөзжасам
  18. Сөйлеу мәдениеті, шылау
  19. Спорт түрі
  20. Танысу
  21. Тауелдик
  22. Тыныс белгілері
  23. Уақыт
  24. Өскемен
  25. Үстеу – толық