Виртуальное методическое объединение учителей казахского языка

Құрметті әріптестер!

Облысымызда қазақ тілінің дамуына өз үлесін қосып, қажымай еңбек етіп жатқан, өз жұмысына шығармашылықпен қарайтын тілші-мамандар-қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне көмек ретінде ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығы виртуалды әдістемелік бірлестік құрып отыр. Оның мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде аса маңызды рөл атқаратын мұғалімдер қауымдастығына қазақ тілін өзге тілді ұлт өкілдері мен әлі де сөйлеп дағдыланбай жатқан отандастырымызға қазақ тілін үйретуде әдістемелік көмек көрсету. Бірлестіктің жұмыс бағыты төмендегідей болмақ:

  • Қазақ тілі әдістемесіне негізделген ғылыми мақалалар, рефераттар, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жариялау;
  • Практик мұғалімдер үшін қазақ тілі сабақтарының үлгілерін, сценарийлерін дайындау;
  • қазақ тілі маманадарымен, Әдіскер – ғалымдармен, мұғалімдермен тақырыптық интернет-пікірлесімдер, конференциялар жүргізу (блог, видеочат арқылы);

Біздің ойымызша, қазақ тілін дамыту жолында кездесіп отырған баршамызды ойландырып, толғандырып жүрген мәселелер мен қиындықтарды шешудің жолдары жайлы осы веб-сайтта өз пікірлеріңіз және тәжірибелеріңізбен бөлісіп, ой қоссаңыздар, Қазақстан азаматтарының қазақ тілінде еркін сөйлеп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолындағы- басты мақсатымыз орындалады деп ойлаймыз.

Біздің байланыс телефондарымыз: 26-50-59, 26-55-78. E-mail: sentrgosjaz@mail.ru