ИЗУЧАЕМ КАЗАХСКИЙ: ПРОСТО И ДОСТУПНО » Қазақ тілінің әдістемесі

Қазақ тілінің әдістемесі

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Ж.М. БУКЕНЕВА
ШҚО спортта дарынды балаларға арналған
мектеп-интернаты, директордың оқу-тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары

Біздің баяндамамыздың тақырыбы «Қазақ тілі сабақтарында мультимедиалық технологияларды қолдану» (1 слайд) болғандықтан, ең бірінші, осы мультимедиалық технологиялар терминіне түсіндірме беруге тырысамын. Көптеген ғалымдар бұл терминді жан-жақты қарастырып, оған өздерінің анықтамаларын беріп жатыр. Біз осы ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, өзіміздің көлемді ұғымымызды анықтадық. Әрі қарай… »

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ТҮРЛЕРІ

Қ.С. ДҮСІПБАЕВА
«Тілтаным» агенттігінің директоры
филология ғылымдарының кандидаты

 

Бүгінгі күні қазақ тілін кімдерге оқытамыз емес, қалай оқытамыз, оқыту сапасын қалай көтереміз деген мәселелер төңірегінде пікір алмасуымыздың өзі қол жеткен жетістіктер деп білемін. Сондықтан бүгінгі семинардың мақсатыда қазақ тілін оқытудың озық технологияларынан мағлұмат беріп, саралау болып отыр. Заманымыздың өзі технологиялар кезеңі болғандықтан, қазіргі таңда оқыту технологияларының түрлері өте көп. Атап айтсақ: ынтымақтастық технологиясы, ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы,  дамыта оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникативті технология, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, Анатолий Гиннің педагогикалық технологиясы және т.б. тізе берсе технологиялар саны өте көп. Сіздермен біздердің мақсатымыз –  осы технологиялардың ішінен тиімдісін тауып қолдану. Орыс тілділерге қазақ тілін оқыту барысында аудиторияны яғни курсқа қатысушылар кімдер екенін ескере отырып салалық  қазақ тілімен қатар, әрбір деңгейге байланысты ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану керекпіз. Тиімді технологияны таңдау барысында нені? қайда? қалай? деген сұрақтардың шеңберінде іске асыру керек. Әрі қарай… »

Қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқыту мәселесінің зерттелуі

А.М. Мұратбекова
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы педагогика ғылымдарының кандидаты

Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. Әрі қарай… »

Тіл үйретуде бейне және дыбыстық материалдарды қолданудың әдіснамасы

М.Д. Жороқпаева
Семей қаласы мемлекеттік медицина университетінің қазақ және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

Республикадағы білім беру жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының қарқынды қадамдары білім мазмұнын, оны оқытып үйретудің жаңа жолдарын іздеумен және ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие, соның ішінде мемлекеттік тілді оқытып үйрету үрдісіне кеңінен енгізумен тығыз байланысты. Елбасының халыққа Жолдауында осы мәселеге ерекше назар аударып «…мемлекеттік тілді тиімді меңгертудің ең үздік, инновациалық-әдістемелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарын әзірлеу керектігін …» атап көрсеткен. Әрі қарай… »

Қазақ тілін компьютермен оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері

Мұқанова Қ.Қ.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Мемлекеттік тілді тіл үйренушілерге меңгертуде қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізу үшін оқытудың ғылыми тұрғыда негізделген, тәжірибеде дәлелденген тиімді технологиясын қолдану керек екеніндігі бәрімізге айқын. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін меңгеруі үшін қажетті жағдай жасау туралы Ата заңымыздың 93-бабында нақты көрсетілген[1]. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бап, 7-тармағында да Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті қойылған. Аталған міндеттерді іске асыру үшін тіл мамандарынан білім беру үдерісін үнемі жетілдіріп отыру талап етіледі. Сондықтан білім беру үдерісін технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. Әрі қарай… »

Қазақ тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Құрманбаева Ш.Қ.
п.ғ.д., профессор

Білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруіне сәйкес инновациялық үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске көшу талабы қазақ тілі мамандарының жаңа педагогикалық технология ауқымында әрекет жасауларына себепші болуда. Бүгінгі күндегі озық педагогикалық технологиялар арасындағы өзектілігімен, пәрменділігімен айшықталатыны – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Әрі қарай… »

cittnews.ru artvertep.ru