Тыңдаңыз

Махаббат бағы

1. Сәуірдің ылғи бұлттары,
Жатады өтіп ағылып,
Бағында сайрап құстары
Көктемін жырлар сағынып.

Қайырмасы:
Махаббат деген бұлбұл құс,
Өртеніп тағат тауысқан.
Жүректің іші мың қуыс
Сезіммен сенім қауышқан.

2. Онда жоқ мынау жасыл бақ,
Ол жақтың бағы тым басқа.
Аспаны гүлден жасанды
Жаңбыры жауар тынбастан.

Қайырмасы:
Махаббат деген бұлбұл құс,
Өртеніп тағат тауысқан,
Жүректің іші мың қуыс
Сезіммен сенім қауышқан.

3. Тыныштық деген болмайды,
Ол жақтың көлі тулаған,
Ол жақтың гүлі солмайды
Көктемі мәңгі шулаған.

Сад любви

1. Апрельские облака над садом.
Плывут быстро как река.
Поют в саду красивые птицы,
Воспевают долгожданную весну.

Припев
Любовь – как птица соловей
Испытывает терпение, горит,
Наносит тысячи ран на сердце
Чувство и надежду объединяя.

2. Там нет этого зеленого сада,
Там сад совсем другой.
Небо из цветов соткано
И дождик льет неустанно

Припев
Любовь – как птица соловей
Испытывает терпение, горит,
Наносит тысячи ран на сердце
Чувство и надежду объединяя.

3. Там нет покоя,
И озеро там бурлит
И цветы не вянут
Вечная весна шумит