М.Д. Жороқпаева
Семей қаласы мемлекеттік медицина университетінің қазақ және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

Республикадағы білім беру жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының қарқынды қадамдары білім мазмұнын, оны оқытып үйретудің жаңа жолдарын іздеумен және ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие, соның ішінде мемлекеттік тілді оқытып үйрету үрдісіне кеңінен енгізумен тығыз байланысты. Елбасының халыққа Жолдауында осы мәселеге ерекше назар аударып «…мемлекеттік тілді тиімді меңгертудің ең үздік, инновациалық-әдістемелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарын әзірлеу керектігін …» атап көрсеткен.

Мемлекеттік тілді үйретудің ақпараттық технологияларына негізделген аудио-бейнематериалдар кешені маманның кәсіби-дүниетанымдық бағыт-бағдары, мақсат, міндеттерін, мазмұнын айқындайтын факторларды, оның құрылымы мен жүйесін, оқыту технологиялары мен үйренушінің тілдік біліктілігіне қойылатын талаптарды анықтаудың стратегиясы мен тактикасын ұстануы қажет.

Оқу үдерісінде проектор, компьютер және интерактивтік тақта қазіргі заманғы оқу бөлмелерінің орталық элементі болып табылады. Интерактивтік тақтаның көмегі арқылы өз басқаруыңда әр түрлі қажетті көзкөрімдік жаңалықтармен, қамтамасыз етілуге болады. Тілді меңгертуде қолданылатын бейне және дыбыстық материалдар: аудиомәтіндер, әуендер, дыбыстық әсерлер, музыкалық шығармаларды, дәрістер, конференцияларды, сұхбаттарды, мультимедиа, мультипликациялық фильмдер т.б. Аталған бейне және дыбыстық материалдар тілді меңгертуде қолданылытын модульдік, дамыта, қарқынды, сатылай, сын тұрғысынан, ақпараттық-коммуникативтік тағы басқа технологиялар арқылы кеңінен қамтылып келеді.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану тіл үйренушілердің қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттерін арттырады.

Оқыту технологияларының ең басты ерекшеліктері – өзіндік ой-пікірі бар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталуында.Тағы бір ерекшеліктері-жаңа материалдарды білім алушы өз бетімен іздену арқылы меңгереді. Оқытудың жаңа технологиялары тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жағдайларда нақты шешімдер қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, өзінің іс-әрекетін бағалай білуге үйретеді.

Тілді үйретуде бейне және дыбыстық материалдарды қолдану әдістерінің шарттары:
• бейне және дыбыстық материалдар тіл үйренушінің жасына сәйкестігі;
• материалдар сабақтың керек сәтінде қолдану;
• бейнематериалдар экрандық және техникалық құралдар арқылы берілгенде барлығына бірдей көрініп, дыбыстық материалдар анық естілуі керек;
• бейне және дыбыстық материалдар тақырыптың мазмұнымен сәйкес келуі тиіс;

Тілді әр деңгейге сәйкес меңгерерде бейнематериалдардың тиімділігі арту үшін, сегіз ұстанымдық әдісті қадағалаған жөн:
1.Бейнематериалды субтитрсыз көріңіз. Түсінуге көңіл бөліңіз. Түсініксіз сөздерден қорықпай, тыңдаңыз.
2. Субтитрды өшіріп, сюжетін ғана қараңыз. Кешенде бейнематериал мен мәтін қоса берілсе, бейнематериалды көре отырып, ара-арасында өшіріп, мәтініннің дыбыстық ерекшеліктеріне мән бере оқыңыз.
3. Бейнематериалды көргенде түсінбеген сөздер мен сөз тіркестерін көшіріп жазыңыз немесе астын сызып қойыңыз. Бұл сөздердің жазылуы мен естілуіндегі ерекшелікке мән беріңіз. (интонацияға, сөздердің қысқа естілуі т.б.)
4. Таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз. Әрбір сөз контексте қандай мағынада беріліп тұрғанын қараңыз. Жұрнақ, жалғау жалғануына, омонимдік мағынасына ерекше көңіл аударыңыз.
5. Сөздермен, сөз тіркестерімен таныс болғаннан соң бейнематериалды тағы көріңіз.Сюжеттегі кейіпкердің мимикасына, сөзді, сөйлемді айтуына мұхият болыңыз. Сөйлеу мәнеріне ден қойыңыз.
6. Назар аударыңыз, бейнематериалдағы сюжетті қазақ тілін жақсы білетін адамның деңгейінде түсіне алдыңыз ба? Күмәніңіз болса, бірнеше рет қайталап көріңіз, 100%-дейін, егерде керек болса 4,5 ұстаным бойынша жұмысты қайталаңыз.
7. Мәтінді дауыстап, бейнетаспамен бірге, қайталай оқыңыз (түпнұсқаға келтіріп).
8. Барлық көмекші құралдарды алдыңыздан алып тастап, сюжетте болған оқиғаны дауыстап өз сөзіңізбен айтыңыз. Жұмыс барысында қиындық туғызған төл дыбыстары кездесетін сөздер мен интонацияға ерекше көңіл аударыңыз.

Бейнематериалдармен тілді игергенде алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Оқу үдерісінде пайдаланылатын бейнетаспа қызығушылық танытатындай, жалықтырмайтындай болу қажет. Аталған жұмыс түрі төзімділік пен уақытты қажет етеді. Ал берер нәтижесі: сөздік қорыңыз белсенді сөздер мен сөз тіркестерімен толығады; тыңдау және түсіну дағдысы қалыптасады; меңгерген бейнематериалға сәйкес қазақ тілінде тілдесімге еркін түсе алады. Осындай әдісті дыбыстық материалдармен жұмыс жүргізгенде де қолдануға болады. Дыбыстық материалдарды сөйлесім әрекетінде тілдік қарым-қатынасты іске асырушы – тыңдалым әрекеті арқылы меңгерту тиімді.

Тыңдалым әрекетінің негізі есту болып табылады. Мұндағы есту сезімдерінің басты қызметі-материалды есте сақтау.

Тыңдалым үдерісін тілдік қарым-қатынастағы сөзді қарапайым есту құбылысымен алмастырмау керек. Мысалы, А.П. Панфилова “Слышать и слушать не совсем одно и тоже. Слышать обозначает физически воспринимать звук, а слушать – это не просто направлять слух на что-либо, а сосредотачиваться на воспринимаемом, понимать значение принимаемых звуков” Айтылып отырған сөзді түсініп қабылдау және ұғыну үрдісі.

Ғалымдардың айтуынша сөйлесім кезінде қарсыласына ден қоя, бағыттап тыңдап, айтылған ойға көңіл бөліп 100%-10% – ғана көрсетеді екен. Сократқа арнайы Афинаға алыстан бір жас адам шешендік өнерді үйренуге келіпті. Сонда Сократ оны тыңдай келе, шешендік өнерге үйрету үшін одан екі есе ақша сұраған екен. Таңырқаған шәкірт; «Бұл қалай?», – дегенде. Сократ «Сізді мен шешен сөйлеуге ғана емес, үндемей тұрып, тұрып тыңдауға да үйретуім керек», – деген. Бұл 2000 жыл бұрын берілген. XX ғ. қорушысы Л.Зейхвангера айтқан екен. «Сөйлеуге, үйренуге 2 жыл керек, ал мұқият тыңдай білуге 60 жыл уақыт керек» екен. Француз ойшылы Лабрлойер: «Талантом собеседника отличается не тот, кто охотно говорит сам, а тот, с кем охотно говорят другие». Сөйлесім кезінде ең жиі қолданылатын әрекет тыңдалым екенін А.П. Панафилова пайыздық көрсеткішпен былай берген:
«..Слушание – 40% рабочего времени
Говорение – 35%
Чтение – 16%
Письмо – 9%
Американың Келли атты қарым-қатынасты зерттеушісі тыңдауды 4-ке бөлген. 1) Бағытталған, сыни тыңдау
Направленное, критическое слушание
Мұнда тыңдаушы ақпаратты бірінші сыни қабылдап, одан кейін түсінуге бағытталады. Пайдасы іскерлер жиналысында (деловом совещании), пікір-
таласта, конференцияда, яғни қай жерде талқыланатын шешім, жоба, идея жаңа тәжірибе, өз ой-пікірін білдіру кезеңдерінде. Ал жаңа ақпарат, жаңадан білім толықтарғанда, яғни мысалы дәріс тыңдағанда, ақпараттық баяндамаларда сыни тыңдау малопреспективно.
2) Эмпотическое слушание. Эмпотикалық тыңдау.
Мұнда тыңдаушыға адам көбіне өзі айтып тұрған сөз. Қалай көңіл бөліп тұрғанын аңғарту. Эмпотикалық тыңдалымның нәтижесі – сөйлеп тұрған адам тыңдаушыға жағымды эмоциямен көрінуі (қуаныш, жақсылыққа үміт ету, өз-өзіне сену, келешекке сенім, қанағаттану және т.б.)
Нәтижесіз болу ол – өз сөзінде сенімсіздік білдіру, (қорқыныш, үрей, қайғы, қаймығу «турина» тығырық және т.б.)
3) Рефлексиялық емес тыңдау. Мұнда тыңдаушы сөйлеп тұрған қарсыласының сөзін бөлмей мұқият тыңдап ескертпе, реплика, комментария жасамайды. Сонымен қатар, сөйлеуші қолпаштап айтушыға жеңілдік көрсетіп тұрады.
Мұндай тыңдау келесі жағдаяттарда көрінеді.
а) әлде бір іске қарсыласының өз көзқарасы сөйлесім түрінде.
ә) өз ойын жеткізуде әлде кімнің кірісіп кетуі кедергі болады.
б) шешілмей келе жатқан сұрақтарды талқылағысы келеді, кері эмоцияны сезінеді: қобалжулы, ренжулі, қанағаттанарлықсыз.
Тыңдалым әрекеті кезінде берілетін дыбыстық материалдарды, яғни төмендегідей әртүрлі тапсырмалармен ұсынуға болады:
1.Үнтаспадан сөйлемдерді мұқият тыңдап, сөйлесудің қай түріне жататынын анықтаңыз.
Мен достарыма телефон шалуым керек. Сен қоңырау шалдың ба ? Қоңырау жіберейік; Қоңырау шалған адамның сұрағына жауап берсеңіз; Бізбен хабарласқалы тұрған азаматшаны тыңдайық.

а) Екеуара сөйлесу;
ә) Агент арқылы сөйлесу
б) Ұялы телефон арқылы сөйлесу;
в) Радио арқылы сөйлесу;
г)Телемост арқылы сөйлесу;
2.Аудиомәтінде бірнеше елдің адамдары туралы мәлімет беріледі, кестені тыңдай отырып, толтыруыңыз керек.

Аты-жөні Мемлекеті Ұлты Қалай уақытын өткізеді
       

3. Әнді тыңдай отырып, көп нүктенің орнына әннің тиісті сөздерін толтырыңыз.
4. Радиодан ертеңгі күннің ауа-райын тыңдай отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Тілді сапалы меңгерген, танымдылығы жоғары, құзыретті тіл үйренуші бәсекелестіктің қайсібір мықты тегеурініне төтеп бере алып, ақпараттанған болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы, білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ тәрбиелеу.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Білімдегі жаңалықтар». Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана, 2009 ж.«Әдіскер мұғалім». Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал.
2. Беспалько В,П. Слагаемые педагогической технологии. М, Педагогика. 1989.-190 б.
3. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, Қазақ университеті, 1991. 20 бет.
4. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. – Москва: Просвещение, 1985. – 208 с.
5. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. – М: Педаг. Общество, 1998.
6. А.П.Панфилова. “Деловая коммуникация в профессиональной деятельности ” – Санкт-Петербург, 2001-76с.