Мурсалимова Арай Белгібайқызы
ШҚО мемлекеттік тілді оқыту
орталығының оқытушысы

Тақырыбы: «Жарқын істермен – жарқын болашаққа!»
Сәулет-құрылыс саласы бойынша сабақ жоспары
(базалық деңгей)

Сабақтың тақырыбы Жарқын істермен – жарқын болашаққа!
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Саяхат сабақ
Сабақтың мақсаты: Құрылыс-сәулет саласына қатысты термин сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізуге үйрету, сөздік қорларын молайту;
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық дамуына сәулет-құрылыс саласының қосқан үлесі, қызметі жайлы білімдерін кеңейту;
Туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту;
Сабақта қолданылатын технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, ақпараттық технология
Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, салыстыру, тестілеу т.б.
Көрнекілігі: Слайд, интернет, «Аялы алақан» композициясы, үлестірме материал, техникалық құралдар т.б.
Грамматикалық тақырып: Жедел өткен шақ
Лексикалық минимум: жарқын істер, 20 жылдық даму, өз үлесін қосты, тұрғын үй құрылысы, өңірлік бағдарлама, қаржыландырудың есебінен, тұрғын үй қоры, несиеге берілетін тұрғын үйлер, пайдалануға беру, абаттандыру, көгалдандыру, мүсіндер орнатты
Өткізілетін орны: ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығы
Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 9\1
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықтарын ояту кезеңі.
Мақсаты: Тыңдаушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, жағымды психологиялық орта қалыптастыру.
- Сәлеметсіздер ме?!
- Менің аты-жөнім Арай Белгібайқызы.
Менің сіздерге айтатын қуанышты жаңалығым бар. Себебі, бүгін сіздермен «Бәйтерек» монументіне саяхат жасаймыз. Монументтің ең жоғарғы қабатына дейін көтерілсек, Елбасының оң қолының қолтаңбасы тиген «Аялы алақан» композициясына қолымызды қойып, тілек тілейміз, сөйтіп әркімнің аңсаған арманы орындалады. Ал, оған жету үшін жолымыздағы кедергілерді жеңіп, мақсатымызға жетуіміз керек. Ендеше, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейік.
Слайдта берілген сөздерді қолданып, бір-біріне тілек айтқызу: сәттілік, жол, тілек, қуаныш, жарқын, аспан, бейбіт, сапар, махаббат т.б.
ІІ.Мағынаны ажырату кезеңі
Мақсаты: тыңдаушылардан өз салаларына қатысты сұрақ-жауап алу арқылы жаңа тақырыпты ашу
Ал, енді сабақты бастайық.

  1. Мынау бәйтеректің бірінші қабаты.
  2. Бәйтеректе не бар? Ол қандай?
  3. Мына слайдтан не көріп тұрсыздар?
  4. Бұл эмблема нені білдіреді?
  5. Сіз қай салада жұмыс істеп жатырсыз?
  6. Құрылыс саласы тәуелсіздіктің қарсаңында қандай жарқын істер атқарып жатыр?
  7. Қандай бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр?
  8. Қала бойынша қандай өзгерістерді байқадыңыз?

Сәулет-құрылыс саласы да Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық дамуына жарқын істерімен өз үлесін қосуда.
Қаламыз күннен-күнге көркейіп, ажарланып келеді. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Жарқын істермен – жарқын болашаққа» деп аталады.

Енді, Монументтің екінші қабатына көтерілейік.

1.Тыңдалым.
Жаңа сөздермен жұмыс.
Мақсаты:мәтінді тыңдату арқылы таныс сөз тіркестерін еске түсіру, жаңа лексикалық минимумды анықтау, сөздік қорларын молайту;
Тапсырма: Қазір аудиомәтінмен жұмыс істейміз. Аудиожазбаны 1-рет мұқият тыңдаңыздар. Мәтінді
тыңдай отырып алдарыңыздағы кестені толтырыңыздар.
Мәтіннен таныс сөз тіркестерін (оның ішінде құрылыс саласына қатысты) «білемін» бағанасына, таныс емес сөз тіркестерін «білмеймін» бағанасына теріп жазыңыздар.
Түсіндіру жұмысы

Білемін Білмеймін

1-2 тыңдаушының жазған жұмысын тақтаға шығартып, жаздырту. Өз беттерімен аудару жұмысын жүргізу.
(жаңа сөздерді таратамын)
Лексикалық минимум.
Таныс емес сөз тіркестерін дәптерлеріне жаздыру.
Жарқын істер – добрые дела
Өз үлесін қосты – вложили свой вклад
Жетістіктермен аяқтады – завершили с достижениями
Қаржыландырудың есебінен – за счет финансирования
Игерді -освоил
Тұрғын үй қоры – фонд жилых домов
Несиге берілетін тұрғын үйлер – кредитные дома
пайдалануға берді – ввели в эксплуатацию
абаттандыру жұмыстары – работы по благоустройству
көгалдандыру жұмыстары – работы по озеленению
мүсіндер орнатты – установили скульптуры

2.Жазылым.
«Үй салайық» ойыны.
Мақсаты:сөйлемнің орын тәртібін сақтай отырып сөйлем құрату,ойын арқылы тыңдаушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.
Сөз тіркестерінен сөйлем құрыңыздар
Ал, қазір «Үй салайық» ойынын ойнайық. Үй салу үшін бізге не қажет? Әрине, кірпіш.
Слайдтан түрлі-түсті кірпіштер көріп отырсыздар. Осы кірпіштерден сөйлем құрап, үй салайық. Бірақ, сөйлемнің орын тәртібі сақталуы қажет. Сөйтіп қаламыздың көркеюіне үлесімізді қосайық. Құраған сөйлемдерін тақтаға жаздыру, оқыту.

Құрайтын сөйлемдер:
1.Құрылыс мекемелері Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырды.
2. Өңірлік бағдарламаны іске асыруды аяқтады.
3. Тұрғын үй құрылысына қаржы бөлді.
4. Несиеге берілетін тұрғын үйлердің құрылысын жүргізді.
5. Мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үйлерді пайдалануға берді.
6. Қалада абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
7. Мүсіншілер әдемі мүсіндер орнатты.
8. Көгалдандыру жұмыстары сәтті аяқталды.

3. Оқылым.
Мәтінмен жұмыс.
Мақсаты:
мәтінді тыңдай отырып түсіне білу дағдыларын қалыптастыру.
Ал, енді Бәйтеректің үшінші қабатына көтерілейік. (алдарына мәтінді таратамын)
Тапсырма: мәтінді 1-2 тыңдаушыға оқыту.
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық дамуына құрылыс саласы жарқын істерімен өз үлесін қосты.
Құрылыс басқармасы тұрғын үй құрылысының өңірлік бағдарламасын жетістіктермен аяқтады. Құрылыс басқармасы үш жылда қаржыландырудың есебінен 6 млрд. теңге игерді. Үкімет тұрғын үй құрылысына 3 млрд. қаржы бөлді. Елімізде соңғы он жылда тұрғын үй қоры 30 миллион шаршы метрді құрады. Бүгінгі күні 1 миллион азамат жаңа пәтер алды. Құрылыс басқармасы несиеге берілетін тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен несие алды. Үш жылда 1529 тұрғын үйді пайдалануға берді.
Сәулет және қала құрылысы басқармасы да өз үлесін қосты. Қала бойынша абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Көшелердің бойына әдемімүсіндер орнатты.
1.Мәтін бойынша сұрақ-жауап алу.
Мақсаты – мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін тексеру мақсатында сұрақ-жауап алу.
1- 2-тыңдаушыға сұрақтарды оқыту.
1.Құрылыс басқармасы қандай бағдарлама бойынша жұмыс істеді?
2.Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық дамуына қандай шаралар атқарды?
3. Тұрғын үй құрылысына қанша қаржы бөлінді?
4. Елімізде соңғы он жылда тұрғын үй қоры қанша миллион шаршы метрді құрады?
5. Сәулет және қала құрылысы басқармасы қандай жұмыстар жүргізді?
6. Сонымен мәтін не туралы?
7. Жалпы, құрылыс саласы бойынша қандай бағдарламалармен жұмыс жүргізіліп жатыр?
8. Сәулет және құрылыс басқармасы қандай іс-шаралар жүргізіп жатыр?
4.Сергіту сәті.
«Ән – көңілдің ажары!»
Мақсаты: ғаламторды пайдала отырып тыңдаушыларға ән орындату, жағымды көңіл-күй қалыптастыру, отанына, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
«Учимся говорить по-казахски» сайтына кіру.
«Атамекен» әнін айтқызу.
Сөзі Қадір Мырзалиевтікі
Әні Ескендір Хасанғалиевтікі
1. Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем!
Қайырмасы:
Қайда жүрсең Атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің көзі ұясына,
Қимай оны батады екен.
2. Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, Айдың аппақ сәулесін,
Қазағымның махаббаты деп білем!
3. Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем!
5.Грамматикалық минимум. Жедел өткен шақ.
Мақсаты:жедел өткен шақтағы етістіктерді өздіктерінен анықтату, жасалу жолына түсінік беру
Міне, Бәйтеректің 4-ші қабатына да көтерілдік.
1.Жедел өткен шақ.
Мәтінге назар аударту. Қарамен жазылған сөздерге назар аударайық. Қалай ойлайсыздар бұл сөздер немен ерекшеленеді? Ұқсастықтары қандай? Айырмашылықтары қандай? Қандай сұраққа жауап береді? Қай уақытта орындалған іс –әрекет?
Тыңдаушылар жауабы тыңдалады. Оның жасалу жолын білеміз бе?
Мысалы: қос+ты, аяқта+ды т.б.
Жедел өткен шақ түбір етістікке –ды,-ды,-ты,-ті жұрнақтарын тіркеу арқылы жасалады.Ал, оған жіктік жалғауын тіркейміз.
Мысалы:
Үй сал+ды + м,
Үй сал+ды+ң
Үй сал+ды+ңыз
Үй сал+ды2.Бинго ойыны.
Мақсаты: берілген сұрақтарға жауап беру арқылы грамматикалық минимумды бекіту, пысықтау.
Лексикалық минимум бойынша сөз тіркестерінің орысша баламасы оқылады, тыңдаушылар қазақша аудару қажет. Аудармасын білетін тыңдаушы белгішені көтеріп «Бинго!» деп белгі беріп, аудармасын айтады.
Оқылатын сөз тіркестері, сөйлемдер:
1.«вложил свой вклад»
2. «выделил средства»
3. «я работал над проектом»
4. «вы получили квартиру»
5. «ввели в эксплуатацию»
6. «провел озеленительную работу»
7. «установил скульптуру»
8. «завершили с достижениями»
ІІІ.Ой толғас кезеңі.
1.Видеоролик көрсету арқылы дыбыстық дубляж жасау.
Мақсаты: тыңдаушылардың құрылыс саласына байланысты сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдана отырып, берілген бейнематериал бойынша ойларын еркін жеткізуге дағдыларындыру.
Бәйтеректің 5-қабатына да көтерілдік.
Айтпақшы, кеше орталыққа атақты кинорежиссер Тимур Бекмамбетов келді. Ол кісі Өскемен қаласы туралы деректі фильм түсірген екен. Енді, деректі фильмге дубляж жасауды өтінді. Қалай, көмектесеміз бе? Ол үшін екі топқа бөлініп, алдарыңыздағы көмекші сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрыңыздар. Дайындыққа 2-минут беріледі. Дайын мәтінді әр топтан 1 тыңдаушы оқиды.
Өскемен қаласы туралы видеоролик көрсету .
Қажетті репликалар:
Облыс басшысы, қаланың өркендеуі, көгалдандыру жұмыстары, абаттандыру жұмыстары, жол жөндеу жұмыстары, жол жиектерін жаңарту жұмыстары, әдемі мүсіндер, ескерткіштер, биік, сәулетті ғимараттар
2.Қорытынды тест.
Мақсаты:
Электронды тестілеу құралының көмегімен тест алу арқылы тыңдаушылардың мәтінді қаншалықты меңгергендіктерін анықтау.
Бәйтеректің алтыншы қабатына да жеттік.
Электронды тестілеу құралы арқылы 10 сұрақтан тұратын лексика-грамматикалық тест алу.
Лексика-грамматикалық тест.
Мәтін бойынша тест тапсырмалары:
1.Сөйлемді толықтырыңыз.
Сәулет-құрылыс саласы … өз үлесін қосты.
А) жарқын болашаққа
Ә) жарқын істерімен
Б) жарық күнмен
В) жарқын
2.Сөйлемнің жалғасын табыңыз.
Көшелердің бойына …
А) пайдалануға берді
Ә) қаржы бөлді
Б) әдемі мүсіндер орнатты
В) игерді
3.Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.
А) Сәулет, құрылыс басқармаларының тәуелсіздіктің 20 жылдығына жүргізіп жатқан іс-шаралары.
Ә) Құрылыс басқармасы қаланы абаттандыруға өз үлесін қосты.
Б) Жол жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды.
В) «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша үй салынды.
4. Сәулет – құрылыс саласына қатысты тірек сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Қазақстанның тәуелсіздігі,жарқын істер
Ә) азаматтар, қаржыландыру есебінен
Б)тұрғын үй қоры, абаттандыру, көгалдандыру
В)үкімет, өз үлесін қосты
5. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты табыңыз.
А) Тұрғын үй құрылысының өңірлік бағдарламасын жетістіктермен аяқтады.
Ә) «100 мектеп» бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізілді.
Б) 1 миллион азамат пәтер алды.
В) Тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен несие алды.
6.Мезгілді білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А)Құрылыс жұмыстары аяқталды.
Ә) Бүгінгі күні азаматтар жаңа пәтер алды.
Б) Мемлекеттік қызметшілерге несиеге берілетін үйлер берді.
В) Қалада жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
7. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.
А) Жаңа пәтер алды бүгінгі күні азаматтар.
Ә) Үкімет тұрғын үй құрылысына 3 млрд. қаржы бөлді.
Б) Пайдалануға берді тұрғын үйді.
В) Аяқтады жетістіктермен өңірлік бағдарламаны.
8. «Не істеді? Қайтті?» сұрағына жауап беретін сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Қалада көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ә) Тұрғын үйлердің құрылысына несие алды.
Б) Көшелердің бойына әдемі мүсіндер орнатады.
В) Тұрғын үйлерді пайдалануға беріп жатыр.
9. «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Ғимараттың іргесі қаланды.
Ә) Қала бойынша көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Б) Қызметшілер пәтер алды.
В) Қалада мүсіндер орнатылды.
10. «Абаттандыру» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз.
А) көріктендіру
Ә) көгалдандыру
Б) тамашалау
В) әсемдеу
V. Бағалау.
Мақсаты: сабаққа белсенді қатысқан тыңдаушыларды бағалау, мадақтау.
Міне, Бәйтеректің ең жоғарғы қабатына
көтерілдік. Алдарыңызда Елбасының оң қолының табы тиген «Аялы алақан» композициясы. Осы Елбасының қолтаңбасына қолдарыңызды қойып елімізге, қаламызға, бір-бірімізге тілек айтайық:
Еліміз өркендей берсін!
Қаламыз гүлдене берсін!
Бала-шағамыз аман болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Қаламыз сәулетті болсын!
Әр тұрғын баспаналы болсын!
Сәулетті ғимараттар көбейе берсін!
Ендеше, Жарқын істермен – жарқын болашаққа аттанайық!
IV.Қорытынды. «Өскемен – өскелең қала» тақырыбында эссе жазу.
VІ.Үй жұмысы