Қ.С. ДҮСІПБАЕВА
«Тілтаным» агенттігінің директоры
филология ғылымдарының кандидаты

 

Бүгінгі күні қазақ тілін кімдерге оқытамыз емес, қалай оқытамыз, оқыту сапасын қалай көтереміз деген мәселелер төңірегінде пікір алмасуымыздың өзі қол жеткен жетістіктер деп білемін. Сондықтан бүгінгі семинардың мақсатыда қазақ тілін оқытудың озық технологияларынан мағлұмат беріп, саралау болып отыр. Заманымыздың өзі технологиялар кезеңі болғандықтан, қазіргі таңда оқыту технологияларының түрлері өте көп. Атап айтсақ: ынтымақтастық технологиясы, ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы,  дамыта оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникативті технология, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, Анатолий Гиннің педагогикалық технологиясы және т.б. тізе берсе технологиялар саны өте көп. Сіздермен біздердің мақсатымыз –  осы технологиялардың ішінен тиімдісін тауып қолдану. Орыс тілділерге қазақ тілін оқыту барысында аудиторияны яғни курсқа қатысушылар кімдер екенін ескере отырып салалық  қазақ тілімен қатар, әрбір деңгейге байланысты ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану керекпіз. Тиімді технологияны таңдау барысында нені? қайда? қалай? деген сұрақтардың шеңберінде іске асыру керек.

Сонымен қатар оқытушы өз мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерінде ескеру қажет. Себебі ақпараттық технологияны қолдану барысында жас ерекшелігі маңызды. Егер біз мүмкіндіктерді сарқа пайдаланбасақ, діттеген мақсатымызға жетуіміздің өзі 100% орындалмайды.Осы технологиялардың ішінде әрбір оқытушының шеберлігіне байланысты тиімді болып табылатын түрлері бар. Солардың ішінде деңгейлеп оқыту, ақпараттық оқыту, модульдік оқыту және ойын технологиясы арқылы оқыту кең тараған. Қазақ тілін оқытуда ойын технологиясының, оның ішінде рольдік ойын технологиясы өте тиімді деп білемін. Себебі технологияның атауының өзі құлаққа жеңіл, әрі тартымды. Кімді болса да  мейлі ол жас бала болса да, ересек адам болса да ынта қоя кіріседі. Жалпы ойын технологиясы бойынша келесі баяндамада толық мағлұмат беріледі. Сіздердің назарларыңызға тиімді технологиялардың бірі ретінде кейс-стадий технологиясын ұсынбақпыз. Бұл технолгияны өз басым Астана қаласында Қазақ Гуманитарлық Заң университетінде сабақ бере жүріп үйрендім, қазіргі кезде курсқа келіп жүрген тыңдармандарға сабақ беру барсында қолданамын. Меніңше технология өте тиімді. Кейс-стадий технологиясы бойынша қысқаша мағлұмат беретін болсақ: ол XX ғасырдың басында АҚШ-тың Гарвард  университетінің  бизнес-мектебінде еңгізілді. Кейс-технологиялардың  негізгі  ерекшеліктері: Кейс әдісі  нақты жағдайлар тұрғысынан практикалық  жағдайларды зерттеу;болған жағдайларды  баяндау;оқушылар  проблемамен  танысып, оны шешудің  жолдарын  іздейді. Кейс-технологияларға жататын әдістер:

  • жағдайды  талдау  әдісі;
  • инцидент әдісі;
  • рольдік  ойындар  әдісі;
  • іс  хабарды  талдау  әдісі;
  • ойындық  жоба;
  • дискуссия әдісі

Кейс-технология шын  және ойдан  шығарылған  жағдайларға  негізделген қысқа мерзімді  оқытуға  арналған интерактивтік технология.

Кейс-технологялардың  негізгі  мақсаты:

  • оқушылардың  бойында  жаңа  қасиеттер  мен   іскерліктерді   қалыптастыру;
  • әр түрлі проблемаларды  талдау  және  оларды  шеше білу  қабілетін   дамыту;
  • ақпаратпен  жұмыс   жасауды  үйрету

Инцидент әдісі

  • тындаушының өз бетінше шешім қабылдауы үшін  ақпарат іздеуі;
  • ақпаратпен жұмыс жасауды  /беру, жүйелеу,  талдау/   үйрету;
  • оқушы  белгілі бір  мекемеде немесе  елде  болған инцидент туралы  ақпарат алады;
  • оқушылар ақпараттың аздығына қарамастан  проблеманы және оны шешу үшін  нені білу  керектігін анықтайды.

Ойындық  жобалау:

  • Мақсаты: шыни тарихи, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық  жағдайды туғызу;
  • ойынға қатысушылардың  іс-әрекетін бағалау.

Жағдайларды   рольдерде  ойнау

Міндеттері:  аяқ  астынан  пайда болған  өзекті    проблемаларды  шеше білуде   шығармашылық қабілетін    көрсету.

Сценариймен танысу,  берілген  “бейнеге  кіру”.

Дискуссия – белгілі  ережелерге сәйкес  кандайда бір сұраққа байланысты  пікір алмасу адемиялық теорияларды көрсету. Белгілі жағдайды талдау – нақты немесе ойдан шығарылған жағдайды  терең  және  бөлшектеп  талдау.

Кейстің құрылымы:

Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.

Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:

– Жағдайлар  – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.

– Жағдайдың контексті  –  хронологиялық, тарихи, орын контексті әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.

– Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.

– Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

– Қосымшалар. Кейсті құрастыру сатысы:

Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.

Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.

– Жағдай моделін құру немесе таңдау.

– Сипаттауды құру.

– Қосымша ақпараттарды жинау.

– Ақырғы мәтінді даярлау.

– Кейстің тұсаукесері, талқылауды  ұйымдастыру. Кейспен жұмыс істеуді  ұйымдастыру:
Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз. Сабақты  ұйымдастыру сатылары:

Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы.  Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін:

– Кейс-стади мәтіні студенттерге өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.
– Сабақ басында тыңдаушылардың кейс-стади материалдарын білуі және  талқылауға қызығушылығы анықталады.

– Кейс-стади негізінде жатқан басты мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі. Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: – мәселелені шешуге арналған  іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар  оқытушы  берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді.

Оқытушы  жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды. Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлекс сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулықнәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.