Шушаникова Надежда Александровна
ШҚО мемлекеттік тілді оқыту
орталығының оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер әлемінде».

Сабақтың мақсаты:

1.қарапайым деңгей тыңдаушыларының танымдық қабілетін жетілдіре отыра,   білім деңгейлерін анықтау, өтілген грамматикалық және лексикалық минимумды қайталау арқылы тексеру.

2. тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорын түрлі жағдаяттарда қолдану дағдыларын дамыту.

3. ертегіні сахналау арқылы қазақ тілін үйрете отырып, тілге деген қызығушылықты арттыру.

Сабақтың типі: қорытынды сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

 

Сабақтың көрнекілігі: фортепиано, техникалық құралдар, гүлдер, шарлар, белгішелер, суреттер;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, орындарына отырғызу, сабақ барысымен таныстыру.

Оқытушының кіріспе сөзі:

 

 

Оқытушы: – Ерте ерте ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың үлкен отбасы және үй жануарлары болыпты. Бір күні  шал бақшаға барып, шалқан отырғызады.

Шал: - Шалқаным, үлкен болып өс.

Кемпір келіп, шалқанға су қуйып: – Нәрлі болып өс, – деді.

Немерелері келіп, арам шөп жұлып:- Тәп-тәтті болып өс, – деді.

 

Шалқан үп-үлкен болып өседі.

 

Бір күні шал бақшаға барып:

Шал: – Ой, шалқаным қандай үлкен болып өсті, – деп, шалқанды жерден суырып алмақшы болады.  Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.

Шал: – Ойбай, көмектесіңдер, кемпір, ей кемпір!

Балалары естіп, жүгіріп келеді.

Қызы: – әке, не болды?

Шал: – Белім,қызым, белім!

Күйеу бала: – Ата, сізге не болды, айтыңызшы?

Шал: – Арқам ауырып тұр.

Күйеу бала: – Дәрігерді тез шақыру керек.

 

Қызы барып ауруханаға телефон соғады.

 

Қызы: – Алло, сәлеметсіз бе! Аурухана ма?

Медбике: – Сәлеметсіз бе! Тыңдап тұрмын.

Қызы: – Біздің атамыз ауырып қалды. Дәрігерді үйге шақырту керек.

Медбике: – Не болды?

Қызы: – Арқасы ауырады, жүре алмайды.

Медбике: - Ата неше жаста?

Қызы: – Алпыс бесте.

Медбике: – Мекенжайыңыз қандай?

Қызы: – Зайсан көшесі, 11 үй.

Медбике:- Күтіңіз, дәрігер келеді.

Қызы: – Рақмет,  сау болыңыз.

 

Жарты сағат өткен соң дәрігер келеді.

 

Дәрігер: -Сәлеметсіз бе, ата!

Шал: -Сәлеметсің бе, қызым!

Дәрігер: -Қай жеріңіз ауырады?

Шал: – Белім ауырады.

Дәрігер: – Кәне, тұрыңыз? Мен Сізді тыңдайын. Отырыңыз. Қазір сізге рецепт жазып беремін. Жақпамайды алып, күніне екі рет жағасыз.

Шал: – Рақмет саған, қызым. Сау бол!

Дәрігер: – Жазылыңыз, ата, ауырмаңыз! Сау болыңыз!

 

Кемпір немересін шақырады.

 

Кемпір: -Немерем, дәріханаға барып, дәрі сатып әкелші. Міне, ақша. Жететін шығар.

Немересі: – Жарайды, апа, қазір барып келемін. Ата, шыдай тұр!

 

Немересі дәріханаға барады.  

 

Немересі: – Сәлеметсіз бе, апай!

Дәріханашы: – Сәлеметсің бе,қызым! Саған не керек?

Немересі: – Маған жақпамай керек?

Дәріханашы: – Рецепт бар ма?

Немересі: – Міне.

Дәріханашы: – Мінеки, алыңыз. 450 теңге.

Немересі: – Рақмет, сау болыңыз.

Немересі келіп, әжесіне жақпамайды береді. Кемпір шалдың арқасына жақпамайды жағып береді.

Бір аптадан кейін шал қайта бақшаға барады. Қараса, шалқаны одан да үлкен болып өсіптіі. Шал көмекке кемпірді шақырады.

 

Шал: – Әй, кемпірім, бері кел! Қара, шалқан қандай үлкен болып өсті. Жүр бірге тартайық.

Кемпір: – Шынында, үлкен болып өсіпті. Жүр тартайық.

 

Осылайша шал шалқаннан, кемпір шалдан ұстап әрі тартады, бері тартады,бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.

 

Кемпір: – Қызым, көмек керек. Атаның күші жетпейді.

Қызы: – Әрине, көмектесемін, – деп оларға көмектеседі.

Шалқан орнынан қозғалмайды. Қызы көмекке баласын шақырады.

Қызы: – Балам, қайдасың?

 

Баласы жүгіріп келеді.

 

Немересі: – Ана, не болды.

Қызы: – Атаң мен апаларыңа көмектес, жүр.

Немересі: – Әрине,көмектесейік, – деп бәрі бірге шалқанды тартады. Бірақ күштері жетпейді.

 

Баласы көмекке итін шақырады.

 

Немересі: – Итім, итім көмекке келші.

 

Иті «аф-аф» деп жүгіріп келеді.

Иті: – Көмек керек болса, көмектесейін.

 

Ит баланың етегінен, баласы анасының белінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.

Енді ит көмекке мысықты шақырады.

 

Ит: – Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық: – Мяу-мяу,  көмектесейін.

Мысық иттің құйрығынан, ит баланың етегінен, балалар анасының белінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады,  бірақ шалқан шықпайды.

Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

 

Мысық: – Тышқан, тышқан, бізге көмектесіп жіберші.

Тышқан: – Не болды, әрине көмектесіп жіберемін.

Шалқандыәрі тартып, бері тартып суырып алады.

Барлығы :-Алақай,- деп қуанады.

Шалқан: – Міне, мен  үлкен, дәмді, тәтті боп өстім!

 

Бұл уақытта көрші далаға шығып, шалқанды көріп, қызғанады. Үйге барып, күйеуін оятады.

 

Көрші: – Ей, жалқау, тұрсаңшы! Қара, біздің көршіміздің шалқаны қандай үлкен болып өсті.

Көршінің күйеуі:  – Қойшы, тиспе маған!

Көрші: – Жүр, деймін. Өзің барып, қарашы.

Көршінің күйеуі: – Жарайды, жүр көрейік, – деп далаға шығады.

 

 Көршілерге барады.

 

Көршілер: – Сәлеметсіздер ме!

Шал: – Сәлеметсіз бе!

Көршінің күйеуі:  – Осындай үлкен шалқанды кім өсірді?

Бәрі: – Атамыз, атамыз!

Көрші: - Енді оны қайтесіздер?

Бәрі: – Білмейміз!

Тышқан: – Мен оны жеп қоямын! (деп күледі)

Көршінің күйеуі: – Базарға апарып сатсаңыз, көп ақша аласыз.

Шал: – О, жақсы ой! – деп базарға жинала бастайды.

 

Күйеу баласы шалқанды көлікке салып, базарға апарады. Жолда оны жол полициясының қызметкері тоқтатады:

Жол полиция инспекторы: – Сәлеметсіз бе, құжатыңыз бар ма, көрсетіңізші?

Күйеу бала: – Міне, қараңыз.

Жол полиция инспекторы:- Қайда барасыз?

Куйеу бала:- Базарға.

Жол полиция инспекторы:-Көлігіңізде есірткі, қару бар ма?

Куйеу бала:- Жоқ-жоқ. Шалқанды сатуға апарамын.

Жол полиция инспекторы: – Кәне, көрейін. Қандай үлкен шалқан! Жарайды, рұқсат етемін, барыңыз.

 

Күйеу бала базарға келіп, шалқанды өткізеді. Ақшаны алады да үйге қайтады.

 

Сатушы: – Келіңіз, көріңіз, алыңыз!Үлкен шалқан сатамын!

1-ші сатып алушы: – Сәлеметсіз бе! Қанша тұрады?

Сатушы: – 5000 теңге

1-ші сатып алушы: – Қандай қымбат! Арзандау бермейсіз бе?

Сатушы: – Жоқ.

1-ші сатып алушы: -Онда алмаймын.

2-ші сатып алушы келіп:- Шалқан үлкен, жартысын сатасыз ба?

Сатушы:- Жоқ. Бөліп сатпаймын,бәрін алыңыз.

 

  Осы уақытта шал үйде отырып «шалқанымды неге саттым» деп өкінеді.Базарға бару керек деген шешім қабылдайды.  

  Отбасының барлық мүшелері көлікке отырып, базарға барады. Шалқанды көріп, қуанады.

 

Кемпір: – Шалқанның бағасы қанша?

Сатушы: – 5000 теңге.

Кемпір: – Қандай  қымбат! Шал, не істейміз? Ақша жоқ.

Шал: – Ақша бар. Міне, 5000 теңге, шалқан біздікі.

Шалқан орнынан тұрып: – Қымбаттыларым, алтындарым менің!  Сендерді қайта көргеніме қуаныштымын! Рақмет сіздерге!

 

 Отбасы үйге қайтып  үлкен той жасайды.

 

Қорытынды сөз: Адам қанша жасқа келсе де, балалық шағын сағынады, оны жиі есіне түсіреді. (Мадина Садвақасованың «Балалық шаққа саяхат» әні орындалады.)