Э.Ө. ТЕБИСОВА
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое  ауданы  мемлекеттік тілді
оқыту орталығының оқытушысы

Білімділік: Сын есім, сұрақтары,  сын есім тудырушы жұрнақтар жайында білім қалыптастыру. Тыңдаушыларға Шығыс Қазақстан облысының табиғаты,  жан – жануарлар мен өсімдіктер әлемітуралы білімдерін, сөздік қорларын кенейту.

Дамытушылық: Ауыз екі сөйлеу дағдыларын дамыту, теориялық білімді практикада қолдана білу

Тәрбиелік:  Өз өлкесінің қыр – сырын тануға деген қызығушылығын арттыру.Туған жерін сүюге, табиғатын аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат  сабақ  /дәстүрлі емес/

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын  технологиялар: Ақпаратты – коммуникативті технология, Шаталовтың  технологиясы, «М. Жампейісованың модульдік оқыту» технологиясының  элементтері

Сабақтың әдіс – тәсілдері:     Түсіндіру , баяндау, сұрақ-жауап,түсіндірме – көрнекілік, репродуктивті әдістері

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер,слайдтар, интерактивті тақта, бейнефильм, аудио жазбалар, караоке

Грамматикалық тақырып: Сын есім жасаушы жұрнақтар

Сабақтың   эпиграфы:

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Сабақтың барысы: Сәлемдесу. Түгендеу

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2. Қызығушылықтарын ояту кезеңі:

Блиц сұрақтары арқылы жүзеге асады.

Мақсаты: тыңдаушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын,белсенділіктерін арттыру

1. Қазақстан қандай мемлекет?

2. Қазақстанның жер аумағы?

3. Қазақстанда неше облыс бар?

4. Қазақстанның экономикалық аймақтары?

5. Шығыс Қазақстан аймағының орталығы?

6. Шығыс Қазақстандағы аудандар саны?

7. Шығыс Қазақстанның ірі өзендері?

8. Өскемендегі өнеркәсіп орындары?

ІІІ. Жаңа сабақты игерту:  

Лексикалық минимумды меңгерту. Мақсаты: тыңдаушыларды көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

«Өр Алтай, асқақ Алтай» мәтіні бойынша:  Есте сақтау дабылы» ойыны арқылы жүзеге асады.

а) бейнефильм көрсету

ә) мәтінді тыңдау

б) мәтінді оқу

в) мәтінді аудару

г) мәтін бойынша тапсырмалар

 

Лексикалық минимум:   Табиғат, орманда, үлкен өзендер, оңтүстік, солтүстік,шығыс, батыс, Зайсан көлі ,астық ,жасыл қылқан, рахман қайнары, хош иіс , жаңғақ

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер: 

–   Біздің өлкеміздің табиғаты қандай?

-Республиканың оңтүстік аудандарында нелер өседі?

-Шығыс Қазақстанда қандай өзендер бар?

-Ормандарында нелер мекендейді?

-Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды?

-Неліктен?

 

Грамматикалық минимум:

Мақсаты: Сын есім жасалу жолдарын түсіндіру, мәтіннен сын есімдерді

тауып, жұрнақтар  арқылы жаңа сөздер жасауға үйрету

Сын есім жасаушы жұрнақтар

(словообразующие суффиксы прилагательных) Сын есім (имя прилагательное)- часть речи,

которая обозначает признак предмета и отвечает на вопросы қандай? қай? (какой? чей?)

Мысалы: ақ, жаңбырлы, ауыр,

Туынды сын есімдер:

Суффиксы-дай/-дей, -тай/-тей обозначают сравнение,

-сыз/-сіз- отрицание,

–лық/-лік,-дық/-дік,-тық/-тік- территориальное отношение..

Мысалы: тау-таудай (как гора), таусыз (безгорный)

 

Қазір біз Шығыс Қазақстан облысының көрікті әдемі жерлеріне саяхатқа

шығамыз.

Картадан көрсету

 



Глубокое ауданы:

(Топтық жұмыс)

1904 жылы 31 желтоқсанда әкімшілік орталығы құрылған. Аумағы 7,3 мың  шаршы км құрайды, оның  үштен екі бөлігін таулы – сулы жер алып жатыр. Глубокое ауданының жер қойнауында полиметалл рудасы жатыр. Оның құрамында  алтын,  күміс,  қорғасын,  мышьяк, сурьма, кадмий т.б металдар бар.  Ауданның 23 аймағында  құрылыс материалдарына қажетті тастар, әктас, кірпіштік топырақ, құрылыс құмдары табылған .

 

 

 

«Экипаж ойыны» арқылы берілген мәтінді мазмұндаңыз.

Өскемен қаласы:

Өскемен қаласы –Шығыс Қазақстан  Облысының орталығы. Қаланың іргетасы 1720 жылы қаланған. Өскеменді бойлай Ертіс  және Үлбі  өзендері ағады. Бүгінгі Өскемен – аймақтың ірі экономикалық, өндірістік және мәдени орталығы.  Өскеменде ірі өнеркәсіп алыптарының бір тобы шоғырланған. Олардың ішінде әлемге әйгілі : «Қазмырыш», «Өскемен титан – магний комбинаты», «Үлбі металлургия зауыты», «Конденсатор зауыты», «АВТОАЗИЯ» машина жасау зауыты бар. Олардың өнімдерін бүгінде әлем таниды.

«Тірек сызба»  арқылы мәтінді әңгімелеңіз

Күршім ауданы, Ертіс өзені

Караоке: «Атамекен» әнін айтқызу.

Мақсаты: тыңдаушыларға әнді орындата  отырып, аудиторияда жағымды көңіл – күй тудыру, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру
 

«Ән жаттайық!»

Сөзі: Қадір Мырзалиевтікі

Әні: Ескендір Хасанғалиевтікі

1. Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем!

Қайырмасы:

Қайда жүрсең Атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің көзі ұясына,

Қимай оны батады екен.

2. Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Қазағымның махаббаты деп білем!

3. Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауың аспаныммен астасқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем

Құйған ауданы

Оңтүстік батысын бойлай Ертіс өзені ағып өтеді. Қызыл – қоңыр құмды және құмдауыт жерлерінде жусан, сораң шөптер өскен. Ертіс өзенінің жағалауындағы шалғынды жерлерінде әр түрлі астық тұқымдас шөптер өседі. Аудан аумағында жануарлардан: қасқыр, түлкі қоян, борсық бұлан, тиін кездеседі; өзен –көлдерінде – шортан, алабұға тіршілік етеді.

 

 

  • Берілген сөздерге тиісті жұрнақтар жалғау арқылы сын есім жасаңыз, сөз тіркестерін құрастырыңыз.

А) –ды  /-ді,  –ты /-ті

көрік…, тас…,

құм…  , орман…,  жауын…,  жел…

 Ә) –лы /-лі

Жай…, су…, тау…,

Зайсан ауданы Зайсан көлі Бұқтырма су электр станциясы салынғаннан кейін үлкен бөгенге айналды. Зайсан көлінде  табан, сазан, шортан, көксерке, аққайран, тұқы және т.б. балықтың түрлері бар. Ауданның табиғаты жазы қоңыржай салқын, ылғалды, қыста қар қалың, аязды.
 

Берілген сөйлемдерден  сын есімдерді теріп жазыңыз. Оларға  антоним табыңыз.

Марқакөл өңірі

Марқакөл көлі – көптеген елдерге әйгілі. Көлге айналасындағы тау жоталарынан ірілі-ұсақты 27 өзен құйса, одан жалғыз ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Марқакөл көлінде балықтың негізгі төрт түрі кездеседі. Солардың бірі – майқан , қаяз, қызыл балық, хариус өте бағалы балық. Марқакөл қорығы  аң – құстар түрлеріне өте бай. Ормандарында аю, түлкі, қасқыр,борсық, қоян, марал, тиін, құндыз, бұлғын, құр көптеп кездеседі. “Қызыл кітапқа ” енген қар барысы, қызыл қасқыр, жабайы мысық, сілеусін.

 

Орыс тілінде берілген сөз тіркестерін  берілген мәтіннен аудармасын табыңыз.

Красная рыба –

Красивая природа –

В озеро Маркаколь –

 

Озеро Калжыр –

Виды птиц –

Млекопитающиеся-

Катон – Қарағай ауданы

Аудиожазба

Катон – Қарағай Алтай тауының оңтүстігінде  орналасқан.  Катон – Қарағай ауданында ауыл шаруашылығы,  ара шаруашылығы, бұғы шаруашылығы  дамыған, маралдың мүйізінен пантокрин   дәрісін әзірлейді.

“Рахман қайнарының” тарихы сонау ертеден басталады: 1763 жылдың күзінде        шаруа Рахманов елік аулап жүріп, елікті аяғынан жаралайды. Ақсаңдай қашқан елік қайда барарын білмей, өзенге күмп береді.  Өзенді малтып арғы жағаға шыққан елік ешқандай жарақат алмағандай, өз жайына кете барады. Мұны көрген Рахманов бұл судың ерекше қасиеті бары екеніне күмәні болмады. Батыс Сібір генерал-губернаторының бұйрығы бойынша “Қайнарға” арнаулы зерттеу экспедициясы жіберілді. Рахман қайнары  сынық және буын ауруларына   өте шипалы.

Сұхбат ( бейнесюжет)

Мақсаты: берілген сюжет бойынша әңгімелесіп, өз ойларын, пікірлерін

жеткізуге, дұрыс сұрақ қоя білуге, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға дағдыландыру.

–         Катон – Қарағай ауданы қайда орналасқан?

–         Катон – Қарағай ауданы Алтай тауының оңтістігінде орналасқан.

– Катон – Қарағай ауданында қандай шаруа қожалықтар дамыған?

 – Катон – Қарағай ауданында ауыл  шаруашылығы, ара шаруашылығы, бұғы шаруашылығы дамыған.

–  Маралдың мүйізінен қандай дәрі әзірлейді?

 – маралдың мүйізінен «пантокрин»  дәрісін әзірлейді.

Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін қолдана отырып  сұхбатты  жалғастырыңыздар.

Катон – Қарағай , Алтай тауы, бұғы шаруашылығы, Рахман қайнары, зерттеу экспедициясы, буын аурулары

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1.Үлестірме кеспелердегі мақалдарды   «КОНВЕЙЕР» тәсілімен жаттайды.

Енді өзіміздің Глубокое ауданымызға қайтайық. Қайтар жолымыз қысқа да қызықты болу үшін табиғат тақырыбына мақалдар жаттайық.

 

 

 

2.Тест: 10 сұрақ

 Мақсаты: тест сұрақтары арқылы алған білімдерін бекіту, материалды қаншалықты меңгергендіктерін анықтау

1.Шығыс Қазақстанның табиғаты қандай?

a)Табиғаты бай,  әдемі, көрікті, қасиетті, орманды

b)Жаңбырлы, тасты

c)Көрікті, жануарларға бай емес

d)Табиғаты бір – біріне өте ұқсайды

2.Шығыс қазақстан облысында қандай қорықтар бар?

a) Ертіс, Зайсан көлі, Сырдария

b) Қаратал құмы, Ертіс, Топтерек

c) Марқакөл, Алтай, Алакөл, Катон-Қарағай,Құлынжол, Қаратал құмы

d) Зайсан , Алатау, Ертіс, Күршім

3.   Глубокое ауданында не өндіріледі?

a) алтын, күміс, қорғасын,  мышьяк, сурьма, кадмий

b) топырақ, тас, кадмий

c) газ, мақта, көмір

d) алтын, газ, мақта

4.   Өскемен қаласында қандай өнеркәсіп орындары бар?

a) «Титан – магний комбинаты», «Үлбі металлургия», «Конденсатор зауыты», «АВТОАЗИЯ»

b)  «Қазмырыш», «АВТОАЗИЯ» , «Үлбі»,

c«Комбинат», «магний комбинаты», «металлург»

d)  «АВТОАЗИЯ», «Титан»

5. Қалада қандай мәдени саябақтар бар?

a)«Жастар» , «Қазақстан», «Этномәдени»

b) «Жастар» , «Қазақстан», «Турист»

c) «Турист», «Өскемен», «Жастар»

d)  «Жастар», «Турист», «Этномәдени»

6. «Рахман қайнары» қай ауданда орналасқан?

a)Күршім

b) Зайсан

c)Катон – Қарағай

d)  Зырян

7. Зайсан ауданы  несімен танымал?

a) көлік, сулар,тас

b) мұнай, түрлі балықтарға бай

c)газ, табиғат, мұнай

d) орман, өсімдіктерге

8. Марқакөл көлін мекендейтін балық түрлері?

a) судак, май шабақ

b)майқан,  қаяз,  хариус

c)сазан, шаян,

d) лещ, ұзын құйрық

9. Сынық және буын ауруларына шипалы қайнар?

a) Алакөл

b) Ертіс

c) Зайсан

d) Рахман

10. Шығыс Қазақстан облысында  қызыл кітапқа енгізілген жануарларды атаңыз?

a) аю, қасқыр, түлкі

b) қар барысы, қызыл қасқыр, жабайы мысық, сілеусін

c) балық, марал, қасқыр

d) қой, ат, мысық

V.Сабақты  бағалау.

Мақсаты:  сабаққа белсенді қатысқан тыңдаушыларды бағалау, мадақтау.

VI.Сабақты қорытындылау

1.Бүгінгі сабақта нені білдіңіздер?

2. Біздің өлкеміздің табиғаты қандай?

3. Қандай?  деген сұраққа жауап беретін қандай сөздерді үйрендіңіздер?

VІІ. Үй жұмысы

Жаңа сөздерді  жаттау,  «Өр  Алтай,  асқақ  Алтай»  тақырыбына  шағын  шығарма  жазу.